Бүгін ОСК ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет каражатынан жабылатын шығыстардың нормативтерін бекітті. В. Фоостың айтуынша, нормативтерде көрсетілгеніндей, Сенат депутаттығына кандидаттың әрқайсысына 477 мың теңге бөлінетін болады. «2008 жылы өткен сайлауда 250 мың теңге бөлінген еді. Бұл шамамен екі есеге дейін аз»,- деді В. Фоос.
Оның ішінде кандидаттың телеарнадан сөз сөйлеуіне - 105 мың теңге, радиоэфирде сайлауалды үгіт жүргізуге - 62 мың теңге, басылымда екі мақала жариялауға - 135 мың теңге, кандидаттың сайлаушылармен кездесуіне арналған орынды жалдауға - 25 мың теңге, үгіт-насихат материалдарына 50 мың теңге және жүріп -тұруына арналған көлік шығындарына - 100 мың теңге қарастырылып отыр.
Оның атап өткеніндей, Сенат депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіті кандидаттар құрған сайлау қоры есебінен де қаржыландырыла алады. Еске сала кетейік, жалпы ереже бойынша, Сенат депутаттығына үміткер әрбір кандидаттың қоры 3 млн. 199 800 теңгеден аспауы тиіс.