Бұл жайында Статистика агенттігі хабарлап отыр.
Сонымен қатар сыртқы сауда бағасындағы өзгерістерге тоқталсақ, экспорттық жеткізілімдерге бір айда бағаның газ конденсатына - 23,2 пайызға, қара металдар илегіне - 9,7 пайызға, мысқа - 4,3 пайызға, мұнай өнімдеріне - 3,9 пайызға, мұнайға 2,2 пайызға төмендеуі, сондай-ақ бұл жеткізілімдер мырышқа - 0,4 пайызға, табиғи газға 0,2 пайызға жоғарылауы белгіленді. Баға жүнге - 5,8 пайызға, астыққа - 3,3 пайызға, мақтаға - 0,3 пайызға төмен, ал темекіге 0,3 пайызға жоғары болды.
Импорттық түсімдерден қант - 4,3 пайызға, кофе - 3,6 пайызға, аяқкиім - 1,9 пайызға, дәрі-дәрмектер 1,4 пайызға арзандады, маргарин - 10 пайызға, балық - 4,9 пайызға, құс еті - 3 пайызға, күріш - 2,6 пайызға, өсімдік майы - 1,9 пайызға, шай 1,2 пайызға қымбаттады.