«2011 жылғы желтоқсанда өткен аймен салыстырғанда көркейтілген тұрғын үйлерді алып сату бағасы 1,5%-ға, көркейтілмеген - 1,1%-ға, жаңа тұрғын үйлерді сату - 1,2%-ға, көркейтілген тұрғын үйлерді жалға беру - 0,9%-ға, өсті», - деп жазады Статистика агенттігі өзінің дербес сайтында.
Келтірілген мәліметтер бойынша, биыл жылжымайтын мүлік нарығындағы жаңа үйлерді сату көрсеткіші 2010 жылмен салыстырғанда 2,3 пайызға, ал көркейтілген тұрғын үй нарығы 3,6 пайызға өскен.
Тұрғын үй нарығындағы бағаны байқау Астанада, Алматы қаласында және облыс орталықтарында құрылыс компанияларын қоса қалалық қор бойынша жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың іріктелген шеңбері бойынша жүргізіледі.