Ж. Айтжанованың айтуынша, министрліктің ағымдағы жылғы басты міндеттері Мемлекет басшысының жүктеген міндеттерін, оның ішінде ағымдағы жылғы Жолдауда қамтылған тапсырмаларын жүзеге асыру, сондай-ақ Үкімет басшысы тарапынан алға қойылған міндеттерді орындау болып табылады. «Бұл ретте макроэкономикалық сараптама және болжауларға келетін болсақ, 2011 жылы еліміздің жалпы ішкі өнімінің нақты өсім деңгейі 5 пайызға болжанады. Көрсеткішке қол жеткізу үшін әлемдік экономикалық дамудың көмескілігі аясында әлі де сақталып тұрған тәуекелдерді ескере отырып, макроэкономикалық тәуекелдермен жұмыс жандана түседі», - деді министр.
Оның айтуынша, 2012-2016 жылдарға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қалыптастыру алдағы үшжылдық бюджетті құруға негіз болады.
12:46, 04 Ақпан 2011
2011 жылы ЖІӨ өсімі 5 пайыз деңгейінде болжанады - Ж. Айтжанова
АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2011 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 5 пайыз деңгейінде болжанады. Бұл туралы бүгін Экономикалық даму және сауда министрлігінде өткен алқа мәжілісінде ведомство басшысы Жанар Айтжанова мәлім етті.