Жоғары оқу орнының мәліметіне қарағанда, өтінімдер Қазақстанның барлық өңірлерінен және басқа елдерден келіп түсті. Бұл ретте, тіркелген үміткерлердің 21,8 пайызы - астаналықтар, 18,7 пайызы - алматылықтар, 8 пайызға жуығы - Оңтүстік Қазақстан облысынан. Ең аз тіркелгені - Маңғыстау (1,6 пайыз), Қостанай (2 пайыз) және Солтүстік Қазақстан облыстарынан (2,1пайыз). Сонымен қоса, 45 өтінім басқа елдерден түсті.
Таңдаған факульттердің тізімінде талапкерлердің 38,7 пайызы Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебін (пәндік емтихандар: математика және сыни тұрғыдан ойлау) таңдаған; Инженерия мектебі (математика және физика) - 30 пайыз; Ғылым және технологиялар мектебіне (математика және физика, химия және биология) - 20,6 пайызы зейін салып отыр. Премедициналық бағдарламаға 10,5 пайыз талапкер тіркелді. 4178 талапкердің ішінде - 2158-і қыздар болса, 2020-сы ер балалар.
Таяуда университет сайтында ағылшын тілінен BCEPT атты бірінші емтихан өткізу кестесі шығады. Сонымен қоса, биыл Назарбаев Университеті Foundation бағдарламасы бойынша оқытуды жүргізбей-ақ, студенттерді бакалавриат бағдарламасына тікелей оқуға қабылдайтын болады.
2011 жылы Назарбаев Университетіне 4247 талапкер тіркелді, олардың 501-і Университет студенттері болып, оқуды ағымдағы жылдың күзінде бастады. 2012 жылы Қазақстан азаматтары үшін Назарбаев Университетінің Foundation бағдарламасында оқуға тағы да 500 мемлекеттік грант бөлінуде.