Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов селекторлық режимде өткен мәжілісте.
Үкімет басшысы орынбасарының сөзінше, Сыртқы істер министрлігі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерімен (13 мемлекет) 2012 жылдың жаз мезгілінде визасыз режимге көшу жөніндегі ілкі жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. «Ал біздің пайымдауымызша, уақытты жоғалтуға болмайды және ол мемлекеттермен визасыз режимге 2012 жылдан бастап көшу керек. Алғашқыда 20 инвестор мемлекетпен арада визасыз режим орнату мәселесі қарастырылған болатын. Алайда ол мемлекеттердің арасында миграциялық және экстремистік тұрғыдан алғанда қауіпті мемлекеттер де бар. Бұл ретте біз аталған мемлекеттерді тізімнен алып тастау жөніндегі Сыртқы істер министрлігінің ұсынысымен келісеміз»,-деді министр.
Сондай-ақ ол сөзінде визасыз режим енгізілетін мемлекеттер тізіміне Бразилияны қосу керектігін атап көрсетті. Өйткені БРИК (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай) құрамына кіретін бұл мемлекет қарқынды дамып келеді және қазір ол әлемнің көптеген мемлекеттерін инвестициялауда.