«Beach marking» деп аталатын жаңа тәсілді енгізу - кәсіпорындарда энергияны үнемдеу бойынша жаңа техника, жаңа тәсілдерді енгізуге итермелейді»,- деді агенттік басшысы. Оның сөзіне қарағанда Қазақстанда энергия тасымалдау кезінде шығын көлемі 18-20 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш Еуропа елдерінде 9 пайыз, АҚШ-та 10, Оңтүстік Кореяда 4-5 пайызды құрайды. «Алдағы уақытта жаңа тариф қалыптастыру тәсілін енгізу арқылы біз энергетика тасымалы шығынын кем дегенде Еуропа мемлекеттерінің деңгейіне жеткізуді көздейміз»,- деді Н.Алдабергенов.
Оның айтуынша, Қазақстан соңғы 2 жылда энергия үнемдеу бойынша белсенді саясат жүргізіп отыр. «Мәселен электр энергиясын үнемдеу бойынша сараланған тариф енгізілді, сондай-ақ түнгі және күндізгі тарифтерді енгіздік. Бұның нәтижесінде былтыр тұрғындар 13,5 млн. АҚШ долларын үнемдеді. Тариф саясатын дамыту жарықпен қатар су, жылуға да енгізіліп отыр. Бұл бағыттағы саясатымызды алдағы уақытта дамыта береміз»,- деді Н.Алдабергенов.
Ол өз сөзінде бұл тұрғыда арнайы заң актлеріне өзгерістер енгізілгендігіне де және алдағы уақытта тариф саясатын өзгерту бойынша заңдарға тағы өзгерістер енгізілетіндігін ескертті. «Ұсыныстарды биылғы жылдың аяғына дейін Парламентке енгіземіз», - деген Агенттік басшысы жыл соңына дейін жарық пен жылу бағасы өспейтіндігін атап өтті. Тек жылу бағасы жекелеген аймақта аздаған өзгеріске ұшырауы мүмкін.