Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлайды.
2012 жылдың 5 айының қорытындылары бойынша туу өсімінің 2 пайызға өсуі, тұрғындардың жалпы өлімінің 4,3 пайызға төмендеуі байқалуда, бұл табиғи өсімнің 6,3 пайызға өсуіне әкелді. Нәтижесінде алдағы өмір сүру ұзақтығы 2011 жылдың қорытындылары бойныша 69,01 жылды (2010 жылы - 68,4 жыл) құрады.
2012 жылдың І жартыжылдығында республикадағы ана өлімінің деңгейі 13 пайызға төмендеді.
Бұл кезеңде сәбилер өлімінің көрсеткіші 5 пайызға азайды.