деп хабарлады pm.kz сайтына Көлік және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметінен.
« 2012 жылдың қаңтар айынан бастап Интернет желісіне бастапқы қосылу қызметтерінің максимальдық бағасы байланыс операторлары үшін (трафикті қоспағанда) - 27 пайызға, ал трафикті қоса есептегенде - 35 пайызға төмендетілді», - делінген ведомство хабарламасында.
Оған қоса, облыс әкімдіктері мен байланыс операторлары «Wi-Fi» технологиясы бойынша қоғамдық орындарда Интернет желісіне қосылу мүмкіндігін қамтамасыз етіп отыр.
Ақпаратқа сүйенсек, 2012 жылдың І тоқсанында 406 қоғамдық орны Wi-Fi жүйесіне қосылды, Интернетке қосылу нүктесі - 1894 нүктені құрады, оның ішінде 1137 - тегін нүкте.
Статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, 2008 - 2011 жылдар аралығында Интернет желісін пайдаланушылардың көрсеткіші әр 100 адамға шаққанда 15,1-ден 50,6-ге дейін өскен.