«Жалпы республика бойынша, құрылыс индустриясы өндірісінің жеке көлем индексі 111,9 пайызды, өндіріс көлемі 74,1 млрд. теңгені құраған», - делінген ведомство хабарламасында.
Жеке көлем индексінің өсімі бойынша Жамбыл, Қостанай және Ақтөбе облыстары алда келеді.
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ақпаратына сүйенсек, Жамбыл облысы «Мыңарал Тас компаниясы» ЖШС цемент өндіру зауытының өндіріс есебінен осы өсімге қол жеткізіп отыр. 2011 жылы зауыт 40 пайыздық қуаттылықпен 5 млрд. теңгенің өнімін шығарған. Жоспар бойынша, кәсіпорын биыл толық қуатына шығады.