2012 жылдың қорытындысы: қызметкерлердің кәсіптері мен қызметтері бойынша жалақысы

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - Жұмысшылардың сипаттық кәсіптері және қызметкерлердің лауазымдары бойынша орташа айлық жалақысының көлемі туралы ақпаратты алу мақсатында Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі экономикалық қызметтің жекелеген түрлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарға біржолғы зерттеу жүргізеді.

Зерттеу қыркүйек айында толық жұмыс істеген жұмысшыларды қамтиды.

2012 жылдың зерттеу нәтижелері көрсеткендей экономикалық қызмет түрлері бойынша жалақы төлеуде жұмысшылардың кәсіптері арасында саралау сақталады. Басшылар санатына жататын қызметкерлердің орташа жалақысы біліктілік деңгейі жоғарғы мамандардың жалақысынан 2,0 есе, біліктілік деңгейі орта мамандардың жалақысынан 2,2 есе және біліктілігі жоқ жұмысшылар жалақысынан 4,1 есеге көп.

Негізгі кәсіптер топтары бойынша орташа айлық атаулы жалақы

Ең жоғарғы жалақы көмірсутегі шикізатын өндіру саласында жұмыспен қамтылған ұйымдардың басшыларында - 1 204 мың теңге тіркелді, бұл тұтастай ел бойынша басшылардың орташа алатын жалақысынан 5,2 есе жоғары. Осы салада біліктілігі жоғары және орта мамандар жоғары жалақы - 321 мың тенге және тиісінше 247 мың теңге алатынын атап өткен жөн.

Экономикалық қызмет түрлері және атаулы жалақысының мөлшері бойынша жеке кәсіптерді топтастыруы келесі сипатта көрінеді:

Бір қызметкердің экономикалық қызмет түрлері және атаулы жалақысының мөлшері бойынша жеке кәсіптерді топтастыру

Кәсіптер

Жалақы, теңге

Экономикалық қызмет түрлері, солдан оңға қарай

жалақының өсу көлемі бойынша

экономист

43 - 277 мың теңге

Ауыл, орман және балық шаруашылығы, Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету, Денсаулық сақтау саласындағы қызмет, Білім беру, Өңдеу өнеркәсібі, Қаржы және сақтандыру қызметі, Тұру және тамақтану бойынша қызметтер, Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу, Құрылыс, Ақпарат және байланыс, Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру.

бухгалтер

55 - 268 мың теңге

Ауыл, орман және балық шаруашылығы, Білім беру, Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету, Денсаулық сақтау саласындағы қызмет, Өңдеу өнеркәсібі, Тұру және тамақтану бойынша қызметтер, Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу, Ақпарат және байланыс, Құрылыс, Қаржы және сақтандыру қызметі, Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру.

бағдарламашы (компьютерлік)

42 - 288 мың теңге

Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету, Денсаулық сақтау саласындағы қызмет, Білім беру, Өңдеу өнеркәсібі, Ауыл, орман және балық шаруашылығы, Тұру және тамақтану бойынша қызметтер, Құрылыс, Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу, Ақпарат және байланыс, Қаржы және сақтандыру қызметі, Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру.

еңбектi қорғау және техника қауiпсiздiгi жөнінде бойынша инженер

40 - 336 мың теңге

Тоқыма өнімдерін өндіру, Ауыл, орман және балық шаруашылығы, Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету, Денсаулық сақтау саласындағы қызмет, Білім беру, Өңдеу өнеркәсібі, Ақпарат және байланыс, Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу, Құрылыс, Тұру және тамақтану бойынша қызметтер, Қаржы және сақтандыру қызметі, Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру.

заңгер кеңесші (біліктілігі орта деңгейлі)

63 - 283 мың теңге

Ауыл, орман және балық шаруашылығы, Денсаулық сақтау саласындағы қызмет, Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету, Өңдеу өнеркәсібі, Білім беру, Тұру және тамақтану бойынша қызметтер, Құрылыс, Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу, Қаржы және сақтандыру қызметі, Ақпарат және байланыс, Қаржы және сақтандыру қызметі, Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру.

хатшы,

офис-менеджер

33 - 208 мың теңге

Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету, Білім беру, Ауыл, орман және балық шаруашылығы, Денсаулық сақтау саласындағы қызмет, Өңдеу өнеркәсібі, Тұру және тамақтану бойынша қызметтер, Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу, Құрылыс, Қаржы және сақтандыру қызметі, Ақпарат және байланыс, Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру.

күзетші

25 - 79 мың теңге

Ауыл, орман және балық шаруашылығы, Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету, Ақпарат және байланыс, Білім беру, Денсаулық сақтау саласындағы қызмет, Өңдеу өнеркәсібі, Құрылыс, Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу, Қаржы және сақтандыру қызметі, Тұру және тамақтану бойынша қызметтер, Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру, Әуе көлігі.

жүкші, қосалқы жұмысшы

30 - 131 мың теңге

Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету, Білім беру, Денсаулық сақтау саласындағы қызмет, Ауыл, орман және балық шаруашылығы, Өңдеу өнеркәсібі, Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу, Тұру және тамақтану бойынша қызметтер, Ақпарат және байланыс, Құрылыс, Қаржы және сақтандыру қызметі, Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру.

автомобиль жүргiзушiсі

41 - 301 мың теңге

Ауыл, орман және балық шаруашылығы, Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету, Білім беру, Почталық және курьерлік қызмет, Денсаулық сақтау саласындағы қызмет, Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу, Өңдеу өнеркәсібі, Ақпарат және байланыс, Құрылыс, Қаржы және сақтандыру қызметі, Тұру және тамақтану бойынша қызметтер, Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру.

Экономикалық қызмет түрлері және қызметкерлердің кәсіптер бөлінісінде еңбекақы төлеуде айтарлықтай айырмашылық сақталуда. Жоғары жалақы әуе көлігі саласындағы ұшу басшысы және шикі мұнайды және табиғи газды өндіру саласындағы техникалық қадағалау және бұрғылау (бұрғылау жұмыстары) жөніндегі инженерлерде белгіленді, айына 403 мың теңгеден 467 мың теңгеге дейін.

Мұнай өндіру өнеркәсіп кәсіпорындарында жоғары ақы төленетін цех шебері, техник-технолог және цех бастығы болды (256 - 343 мың теңге). 211 мың теңге жалақыны әуе көлігі саласындағы қызметкерлер, ал 180 мың теңге жалақыны қаржы және сақтандыру қызметі саласындағы қызметкерлер алды.

Құрылыс саласында жоғары деңгейлі білікті мамандар арасынан ең жоғары жалақыны экономисттер (190 мың теңге), біліктілік деңгейі орта мамандардан - қаптаушы-мраморшылар
(232 мың теңге), ал жұмысшылар арасында - паркетшілер (195 мың теңге) алды.

Ауыл шаруашылығы саласында жоғары жалақыны шаруашылық өндірісінің тракторшы-машинистері (96 мың теңге), аң өсірушілер (90 мың теңге) және агрономдар (79 мың теңге), ал төменгі жалақыны - қырықтықшылар мен гүл өсірушілер 18 - 26 мың теңге шамасында алды.

Барлық қызметтердің және кәсіптердің негізгі топтары бойынша әйелдердің жалақысы ерлердің жалақысына қарағанда төмен болды. Ұйымның басшысы лауазымында жұмыс істейтін ерлердің жалақысы 286 мың теңге, аудармашынікі - 170 мың теңге, экономистікі - 157 мың теңге, есепшінікі - 113 мың теңге. Бұл әйелдердің орташа жалақысына қарағанда 1,0 - 2,1 есе жоғары.

Кейбір кәсіптер мен қызметтер бойынша ерлердің және әйелдердің орташа айлық атаулы жалақы

Кәсіптер (қызмет) топтамалары және қызметтер бойынша жалақының саралануы өңірлік бөліністе де белгіленеді.

2012 жылғы қыркүйекте Астана, Алматы қ.қ. ұйым басшыларында ең жоғары жалақылар қалыптасып, 484 мың теңге және 542 мың теңгені құрады. Ең аз төленетін қызмет Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында болды, мұнда басшылар 139 мың теңгеден 145 мың теңгеге дейін алды. Республиканың өңірлері бойынша ұйым басшылары жалақысының ең жоғарғысы мен оның ең төменгі мәнінің арасындағы айырмашылық 3,9 есені құрады.

Экономистің жоғары жалақысы Маңғыстау мен Атырау облыстарында байқалды, тиісінше
180 мың теңге және 229 мың. теңге, ал төменгі - Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында
68 -71 мың теңге. Дәрігердің жалақысындағы көлем деңгейі 1,4 есеге айырмашылық болды (Солтүстік Қазақстан облысында - 142 мың теңге, ал Оңтүстік Қазақстан облысында - 105 мың теңге).

Ел бойынша жоғары оқу орнындағы мұғалімнің жалақысы орташа 82 мың теңге болды, ал оның өңірлер арасындағы айырмашылығы 1,8 есені, арнаулы білім беру жүйесінде оқытушыларда тиісінше 74 мың теңге және 1,5 есе, тәрбиелеушіде - 55 мың теңге және 1,5 есені құрады.

Бір қызметкердің Қазақстан Республикасының өңірлері бөлінісінде жекелеген кәсіптер мен қызметтер бойынша орташа айлық атаулы жалақысы

теңге

Ұйым басшысы

Эконо-

мист

Бухгал-тер

Инженер

Жоғары оқу орнының оқытушы

Бала-бақша (бөбек-жай) тәрбие-шісі

Дәрігер

Агроном

Авто-мобиль жүргiзу-

шiсі

Қазақстан Республикасы

230571

126392

103474

168457

81619

55445

113652

78748

84992

Ақмола

178148

75493

76837

104964

99108

53309

118371

87861

65196

Ақтөбе

205927

109988

91013

133716

76658

52437

104716

51047

78478

Алматы

139 605

91491

68897

96070

69489

53365

118967

52755

65264

Атырау

371591

229212

133034

257916

77989

53910

104717

39667

108486

Батыс Қазақстан

212147

165158

110599

273409

77417

48565

123775

89000

68769

Жамбыл

144494

70604

78798

221736

64442

51284

108396

39364

65978

Қарағанды

172601

100743

90791

106548

74221

54917

105892

68120

86482

Қостанай

179373

78938

72850

88727

77038

54994

133043

85025

73539

Қызылорда

190793

95624

102165

135530

71928

61422

111688

51548

69867

Маңғыстау

294384

179780

136776

224573

73395

57910

111419

-

218572

Оңтүстік Қазақстан

152750

79081

78073

133062

56011

54864

104629

34725

65375

Павлодар

216453

99092

79762

103793

79998

54376

110883

70575

74077

Солтүстік Қазақстан

144918

68163

74426

89685

83385

55661

141572

94926

67135

Шығыс Қазақстан

139223

102376

79601

109830

79709

52900

122580

79610

71502

Астана қ.

484356

145696

133158

156312

94608

62698

121832

130000

96573

Алматы қ.

541 882

176301

150997

184394

97888

73496

113593

100750

86030

Осы статистикалық байқаудың нәтижелерін тереңірек зерделеу және танысу үшін «Қазақстан Республикасының жекелеген экономикалық қызмет түрлеріндегі кәсіптер (лауазымдар) бойынша қызметкерлердің жалақысы» бюллетенінің электрондық нұсқасы www.stat.gov.kz сайтында 12 сериялық жарияланымының «Халықты жұмыспен қамту және еңбекақы төлеу» бөлімінде орналастырылған.

Статистикалық байқау кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда барлық кәсіпорындар мен ұйымдар бойынша жыл сайын жүргізіледі.

Жұмысшыларды кәсіптері және лауазымдары бойынша бөлу Қазақстан Республикасы Мемстандартының 1999 жылғы 16 қазандағы №22 қаулысымен бекітілген қызметтердің Мемлекеттік Жіктеуішіне сәйкес жүзеге асырылады.