пайызға, сүт өнімдеріне – 6,2 пайызға, кофе, шай және какаоға – 5,4 пайызға, алкогольді ішімдіктерге – 4,4 пайызға, макарон өнімдеріне – 4,3 пайызға, сондай-ақ нанға – 2,1 пайызға, май және тоң майға – 1,8 пайызға, жармаға – 1,7 пайызға өсті.
Бұдан бөлек, бағаның төмендеуі қантқа 19,5 пайыз, жемістер мен көкөністерге – 15,8 пайыз, ұнға – 3 пайыз деңгейінде байқалды.
Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 20,2% құрады. Сиыр етіне баға деңгейі 29,1 пайызға, қой етіне – 28 пайызға, жылқы етіне – 22,2 пайызға, шошқа етіне – 15,2 пайызға, шұжық өнімдеріне – 10,3 пайызға, құс етіне – 5,4 пайызға жоғары болды.