АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат - 2012 жылдың қаңтар-ақпанында Қазақстанда некеге тұрғандардың саны 21 750-ді құрады.
Бұл жайында бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
Агенттік басшысының айтуынша, аталған аралықта некеге тұрғандар 2011 жылдың осы кезеңімен салыстарғанда 13 пайызға өсіп отыр. Ал ажырасқандардың саны 7 479-ға жетті немесе бұл көрсеткіш 13,8 пайызға артық.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.