АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2012 жылғы қаңтар-қазандағы Қазақстан Республикасының Кеден одағы елдерімен өзара саудасы 20 031,5 млн. АҚШ долларын құрап, 2011 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 0,8%-ға төмен болды. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің мәліметтерінде хабарланған.
Қазақстан Республикасының экспорты құрылымында көпшілігін минералды өнімдер (39,0% Кеден одағы елдерінің барлық экспорттының көлеміне), металдар және олардан жасалған бұйымдар (30,3%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (15,3%) құрады.
Ресей Федерациясынан және Беларусь Республикасынан үлкен дәрежеде минералды өнімдері (Кеден одағы елдерінің импортының жалпы көлеміне 26,7%), машиналар және жабдықтар (26,2%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (13,9%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (11,6%) әкелінеді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.