ҚР Статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, 2012 жылғы қаңтарда 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жарма бағасы 20,8 пайызға, кондитерлік өнімдерге - 8,3 пайызға, сүт өнімдеріне - 7,6 пайыз, тоқаш пен ұн өнімдеріне - 6,7 пайыз, макарон өнімдеріне - 6 пайыз деңгейінде, кофе, шай және какаоға - 5,5 пайызға, алкогольді ішімдіктерге - 4,9 пайызға, май және тоң майға - 4,8 пайызға, сондай-ақ нанға - 2,5 пайызға, ұнға - 1,9 пайызға өсті. Бағаның төмендеуі қантқа 16,4 пайызға, жемістер мен көкөністерге - 12,3 пайыз деңгейінде байқалды.
Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 20,5 пайызды құрады. Сиыр етіне баға деңгейі 30,4 пайызға, қой етіне - 27,9 пайызға, жылқы етіне - 20,5 пайызға, шошқа етіне - 12,4 пайыз мөлшерінде, шұжық өнімдеріне - 11,2 пайыз, сонымен қатар құс етіне - 5,7 пайызға жоғары болды.