2012 жылғы қаңтарда бөлшек сауда көлемі 313,1 млрд. теңгеге жетті

АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - 2012 жылғы қаңтарда бөлшек сауда көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,5 пайызға жоғарылап, 313,1 млрд.теңгеге жетті.

Ал  2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 28,3 пайызға төмендеді.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше,  2012 жылғы қаңтарда сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 177,4 млрд.теңгені құрады.Бұл 2011 жылғы қаңтарға қарағанда  12,2 пайызға артық.

2012 жылғы қаңтарда базарлармен және жеке кәсіпкерлермен сауда көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,7 пайызға жоғарылады, аталған өткізу арнасының үлесі бөлшек сауданың жалпы көлемінде 43,3 пайызды құрады.

Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым (бөлшек сауданың жалпы көлемінде 64,2 пайыз). Азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,1 пайызға, азық-түлік тауарлар  20,3 пайызға ұлғайды.