ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің мөлгері 2012 жылғы қаңтарда өткен аймен салыстырғанда 1,3 пайызға, 2011 жылғы қаңтармен - 8 пайызға өсті.
Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 23,4 пайызды, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаға - 16,8 пайыз, жемістер мен көкөністерді алуға - 9,6 пайыз, нан және жарма өнімдеріне - 8 пайыз, сондай-ақ қант, шай және дәмдеуіштерге шығыстар 2,2 пайызды құрады.