2011 жылғы қаңтармен салыстырғанда өсім атаулы ақшалай табыстар үшін 18,1 пайызды, нақты ақшалай табыстар бойынша - 11,5 пайызды құрады.
ҚР Статистика агенттігінің деректеріне қарағанда, 2012 жылғы қаңтарда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 92191 теңгені құрады. 2011 жылғы қаңтарға қарағанда 19,0 пайызға өсті. Нақты жалақы индексі 2011 жылғы қаңтарға 112,4 пайызды құрады.
2012 жылғы ақпандағы жұмыссыздар саны бағалау бойынша 500,2 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 5,5 пайыз деңгейінде қалыптасты. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2012 жылғы ақпанның соңына 57,6 мың адамды құрады немесе бұл көрсетікш экономикалық белсенді халық санына 0,6 пайыз деңгейінде. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,5 пайызын құрап отыр.