2012 жылғы қаңтарда сыртқы саудада өнімдерге бағаның төмендеуі байқалды

АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы қаңтарда 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда экспортталатын тауарларға баға 1,3 пайызға, импортталатын - 1 пайызға төмендеді.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, экспорттық жеткізілімдерге бір айға бағаның мырышқа - 9,9 пайызға, алюминийге - 6,2 пайызға, қара металдар илегіне - 5,1 пайызға, сұйытылған пропан мен бутанға - 3,9 пайызға, ферроқорытпаларға - 1,2 пайызға  төмендеуі,  ал  көмірге - 1,9 пайызға, қорғасынға - 1,8 пайызға, табиғи газға - 0,5 пайызға жоғарылауы белгіленді.  Баға темекіге - 11,5 пайызға, мақтаға - 4,7 пайызға, астыққа - 1,4 пайызға төмендегені байқалды.

Импорттық түсімдерден шай - 11,9 пайызға, қант - 5,3 пайызға, сырлар мен лактар - 5,2 пайызға, кофе - 3,3 пайызға, аяқкиім - 0,9 пайызға, дәрі-дәрмектер - 0,2 пайызға арзандады, сондай-ақ күріш - 7 пайызға, маргарин - 4,9 пайызға, макарон өнімдері - 1,5 пайызға, өсімдік майы - 1,1 пайызға қымбаттады.