2012 жылғы қарашада азық-түлік тауарларының бағасы 4,8 пайызға өсті

None
АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2012 жылғы қарашада 2011 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға балық және теңіз өнімдеріне 6%-ға,

макарон өнімдеріне - 5,9%, тоқаш және ұн өнімдеріне - 5,8%, кофе, шай және какаоға - 5,3%, кондитерлік өнімдерге, алкогольді ішімдіктерге - 4,8%-дан, ұнға - 4,4%, сүт өнімдеріне - 3,6%, жемістер мен көкөністерге - 3%, нанға - 2,3%-ға өсті. Бұл жайында ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бағаның төмендеуі жармаларға 29,1%, қантқа - 6,6%, май және тоң майға - 2%-ға байқалды.

Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 9,9% құрады. Шошқа етіне баға деңгейі 13,3%, жылқы етіне - 12,4%, қой етіне - 11,7%, сиыр етіне - 11,4%, шұжық өнімдеріне - 5,7%, құс етіне - 5,6%-ға жоғары болды.