2012 жылғы наурызда жұмыссыздардың саны 400 мыңнан асты

АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат - Биылғы наурызда жұмыссыздардың саны 469,4 мың адамды құрады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

 «Экономикалық белсенді халық санына қарағанда, жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызды құрады. 2012 жылғы наурыздың соңында еңбекпен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендердің саны 58,3 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,7 пайызды қамтыды», - деді агенттік басшысы.