2012 жылғы тамызда 2011 жылғы тамызбен салыстырғанда азық-түлік тауарларының жеке түрлеріне баға төмендеді

АСТАНА. 3 қыркүйек. ҚаАзқапарт - 2012 жылғы тамызда жармалар 35%, қант - 20,3%, жемістер мен көкөністер - 8,4%, ұн - 5,5%, май және тоң май - 3,9%-ға арзандады, ал 2011 жылғы тамызда оларға бағаның елеулі өсуі белгіленген болатын.

Ағымдағы жылғы тамызда бағаның өсімі 2011 жылғы тамызбен салыстырғанда нанға 1,5%, алкогольдік ішімдектеріне - 4%, сүт өнімдеріне - 5%, кондитерлік өнімдеріне - 5,3%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдеріне - 5,4%, кофе, шай және какаоға - 5,5%-ды құрады.

Етке бағаның өсуі бірнеше жоғары көрсеткішпен қалыптасты: сиыр еті 21,1%, жылқы еті - 18,8%, қой еті - 17,8%, шошқа еті - 17,1%, шұжықтар, еттен жасалған өнімдері - 8,6%-ға қымбаттады.

Жалпы атап өтілген кезеңде азық-түлік тауарларына баға 3,8%-ға өсті.