2012 жылмен салыстырғанда бидай егістері 329 гектарға кемиді - ҚР АШМ

АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат - 2013 жылы егіс алқабы 21,5 млн. гектарды құрайды деп болжануда. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

«Биылғы жылы облыс әкімдіктері ауыл шаруашылығы басқармаларының деректеріне сәйкес, ауыл шаруашылығы дақылдарының алқабы 21,5 млн. гектарды құрайды деп болжануда. Бұл көрсеткіш 2012 жылғы деңгеймен шамалас. Оның ішінде көктемгі егіс алқаптары 18,5 млн. гектар көлемінде болмақ», - деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, 2012 жылмен салыстырғанда бидай егістері 329 гектарға кемиді (2 пайыз) деп жоспарланып отыр.

2013 жылы майлы дақылдар 1,8 млн. гектарды, мақта - 148 мың гектарды, көкөніс және бақша дақылдары мен картоп - 393 мың гектар алқапты, азықтық егістер - 3 млн. гектар жерді қамтымақ.