деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Хабарламада атап көрсетілгендей, қан айналымы жүйесі ауруларынан болған өлім-жітімнің 40 пайызын инфаркт ауруы алып отыр.
Бүгінде елімізде интервенциялық және кардиохирургиялық қызметтерді дамытуға барлық жағдай жасалып жатқанын бұған дейін айтып өткен болатынбыз. 2011 жылдан бастап Алматыда Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық, Перинатальдық орталық жұмыс істей бастады.
«Қазіргі таңда елімізде ересектер мен балалардың жүректеріне операция жасауға арналған операция бөлмелеріне деген сұраныс толық қанағаттандырылып отыр. Қазақстан бойынша ағымдағы жылдың алғашқы екі айында ашық жүрекке 1313 операция жасалды, бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 55 пайызға көп. Және оның ішінде балаларға 577 операция жасалды»,- делінген министрліктің хабарламасында.
Жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітімді азайту бағытында инсульт орталықтары ұйымдастырылып жатқанын айта кету керек. 2011 жылы республикалық бюджеттің есебінен еліміздің 6 облысында 8 инсульт орталығы ашылды, 6 өңірдің медициналық мекемелерінде 7 инсульт орталығы стандартқа сай жарақталды.
Ал 2012 жылы 12 өңірде 16 инсульт орталығы, 2013 жылы - 15 облыста 24 инсульт орталығы ашылады.
2012 жылдың І тоқсанында Инсульт орталықтарының жұмысын ұйымдастыру және медицина қызметкерлерін осындай науқастарды емдеуге үйрету жөніндегі Жол картасы жасалды. Оған қоса, жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратын науқастардың регистрін құру жөніндегі бағдарлама әзірленуде.