Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен брифинг барысында «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Инвестициялық жобалар департаментінің директоры Нармұхан Сарыбаев осылай мәлім етті.
Холдинг өкілінің айтуынша, былтырдан бері ірі қара малдың ет өндірісінің экспорттық әлеуетін дамыту бойынша кең ауқымды жаңа жоба жүзеге аса бастады. Жобаның мақсаты - ет өндірісіндегі фермерлік шаруашылықтарды қолдау мен дамыту, тауарлық табындарды қалыптастыру.
«Жалпы жоба аясында 2500-ге дейін фермерлік шаруашылықты құру жоспарланып отыр. Ағымдағы жылы бағдарламаның жүзеге асуына 21,2 млрд. теңге сомасында несиелік ресурстар қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, 2012 жылы біз 20 мың бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңдарын құратын боламыз. Бүгінгі күні 16 мың басқа арналған жоба жүзеге асуда», - дейді Н. Сарыбаев.