Рено (Renault) тобының болжамына қарағанда, былтыр дүниежүзілік автомобиль нарығы 5,3 пайызға өсті. Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, топ биыл Еуропадан тысқары жатқан күшті нарықтардағы өзінің өсімін жалғастырмақ. Ол еуропалық нарықтағы өз орнын сақтап қалады. Болжам бойынша еуропалық нарық биыл жалпы алғанда 3 пайызға (Францияда 7%) төмендеуі мүмкін.
«Тұрақсыз экономикалық және қаржылық орта жағдайында Renault тобында 2012 жылы өз орнын сақтап қалуға мүмкіндік беретін бірқатар артықшылықтар бар. Осы жылы Еуропада және халықаралық нарықтарда жаңа өнімдердің ауқымды өндірісі басталмақ. Нарықта жалпы есеппен 9 жаңа үлгі және жаңартылған 10 нұсқасы ұсынылатын болады», - дейді топтың Сатылым, маркетинг және коммерциялық көлік жөніндегі атқарушы вице-президенті, Еуропалық аймақтағы операциялық директоры Жером Столл.
Оның айтуынша, 2011 жылы дүниежүзілік нарық Ресей (+40%), Түркия (+13%) және Латын Америкасы (+10%) нарығының өсуі арқасында мүмкін болды. Ал Еуропада нарық тұрақты қалыбын сақтады (-0,5%). Атап айтқанда, Нидерланды (+16%), Германия (+9%), Австрия (+9%), Бельгия және Люксембургте (+5%) өссе, Португалия (-30%), Испания (-17%), Италия (-10%), Ұлыбритания (-2%) мен Францияда (-1,3%) ол кеміді.