2012 жылы Астанада 30 адамға кәсіпкерліктің «әліппесі» үйретіледі - «Жұмыспен қамту-2020»

АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - 2012 жылы Астанада «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 30 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, бизнестерін жүргізуге шағын несиелер алады.

Бұл туралы бүгін Астана әкімдігінде өткен дөңгелек үстел отырысы барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты жұмыспен қамту саясаты басқармасының бастығы Виктор Бусс мәлім етті.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы ұсынып отырған құралдар өзінің сипаты жағынан өте кең ауқымды қамтымақ. 2012 жылы Астанада 30 қазақстандықты кәсіпкерлік негіздеріне оқытып, бағдарлама қатысушыларына шағын несиелер беру жоспарлануда», - деп атап көрсетті В. Бусс.

Оның сөзіне қарағанда, елордада жеке кәсіпті ашу мүмкіндігі өте жоғары. «Меніңше, бағдарламаның кәсіпкерлікті қолдаудың аталмыш құралы кеңінен дамытылуы тиіс», - деді ол.