2012 жылы ауыл шаруашылығы айналымына бұған дейін пайдаланылмаған 5,6 млн. гектар жер тартылды

АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - 2012 жылы ауыл шаруашылығы айналымына бұған дейін пайдаланылмаған 5,6 млн. гектар жер тартылды.

 Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Қадырхан Отаров мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, бұл анықталған пайдаланылмай жатқан жерлердің 71 пайызын құрайды.

«Іс-шаралар жоспарына сәйкес, агенттік облыс, Астана мен Алматы қалаларының әкімдерімен бірге ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан, оның ішінде ыждағатсыз жер пайдаланушылардан алынған жерлерді айналымға тарту бойынша кешенді ұйымдастыру-құқықтық іс-шараларын қабылдау тапсырылды», - деді агенттік басшысы.