«Шындығында да Астананың сол жағалауында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету тұрғысында жетіспеушіліктер бар. Бұл әрине қала тұрғындарына белгілі қиындықтар туындатады. Елорданың бұл ауданында 2 емхана салынатын болады. Олар келесі жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде», - деді ол.
Оның атап өтуінше, қалалық денсаулық сақтау басқармасы орын алып отырған қиындықтардан шығу үшін тұрғын үй кешендерінің 1 қабаттарын жалға алуда. Оларда балалармен қатар ересек қала тұрғындарына да медициналық көмек көрсетіледі.