2012 жылы елорданың жолаушылар көлігі 1,7 млрд.-тан астам адам тасымалдады

АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Өткен жылы жеке кәсіпкерлер тасымалын қоса есептегенде қаланың автомобиль көлігімен 1749, 2 млн. жолаушы тасымалданды.

Бұл туралы қалалық Статистика департаментінен мәлім етті, деп жазады елорданың ресми сайты.

Департаменттің мәліметтері бойынша, қала мекемелері көлігімен тасымалданған жалпы жолаушылар саны 322,8 млн. адам болса (18,5%), олардың көпшілігін - 1 426,4 млн. адамды (81,5%) жеке кәсіпкерлер тасымалдаған. Күн сайын Астананың қоғамдық көлігі 515 мыңға тарта жолаушыны тасымалдайды.

«Әуе көлігімен 2012 жылдың қаңтар-қараша айларында 5,4 мың адам тасымалданды», - делінген хабарламада.