Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтерінде хабарланды.
Анықталған бұзушылықтардың нәтижесі бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары жалпы сомасы 486,2 млн. теңгеге 12,7 мың айыппұл салды.
Бұдан бөлек, республика бойынша мерзімі өткен берешектер (3 айдан асқан) көлемі 2012 жылдың басындағы 1,4 млрд. теңгеден 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1,1 млрд. теңгеге дейін азайды.