Бұл 2011 жылмен салыстырғанда (1372) 33%-ға аз. Бұл туралы қалалық Білім басқармасынан мәлім етті.
Елорданың ресми сайтының жазуынша, аталған факті, бәрінен бұрын қаланың педагогикалық ұжымдарында ақпараттық-түсінік жұмыстарының жолға қойылғандығының және ата-аналармен, жалпы жұртшылықпен қордаланған мәселелерді қаланың БАҚ-тары арқылы уақытында шешіп отырылуының нәтижесі. Сондай-ақ, келген сауалдарға Астана қаласының ресми сайты - astana.kz арқылы қысқа мерзімде жауап берілуінің де оң әсері болды.
Келіп түскен хаттардың көпшілігі балабақшалардағы кезекке, ата-аналардың мектепке дейінгі мекемелерде санитарлық-гигиеналық талаптардың қатаң сақталуын қадағалауға байланысты болған. Сонымен қатар, балабақшалар мен мектептердегі қажеттілік үшін деген желеумен заңсыз ақша жинауға қатысты да шағымдар аз емес. Көптеген ата-аналарды қала мектептеріндегі оқулықпен қамту мәселесі де жиі толағандырады.