Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов пен «АНА I&C» компаниясының президенті Ку Ги До жобаны іске асыру жөніндегі мәселелерді талқылады.
«Жобаның тапсырмасы жоғары бағадағы инновациялық өндірісті құру және алғашқы қазақстандық инновациялық оқыту өнімін шығару болып табылады. Зауыттың құрылысы 2012 жылы басталады. Жобаның құны 1,4 млрд. теңгені құрайды. Зауытты іске қосу арқылы жаңа 30 жұмыс орны ашылады», - делінген облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өткен жылы Қарағанды облысының әкімдігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Лидос LTD» ЖШС және «АНА I&C» компаниясы арасында өзара тиімді ынтымақтастық бойынша меморандумға қол қойылды, деп еске салды өңір басшысының баспасөз қызметі.
Аталмыш жобаны іске қосу білім жүйесін жаңғырту бойынша тапсырмаларды шешуге септігін тигізеді, деп атап өтті облыс әкімі.