2012 жылы Қаржы министрлігінің айналымдағы бағалы қағаздарының көлемі 0,7 пайызға ұлғайды

АЛМАТЫ. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 2012 жылы 2905,2 млрд. теңгеге дейін өсті.

Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Бас банкирдің айтуынша, бірінші қаңтардағы жағдай бойынша Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарының және Ұлттық банктің айналыстағы қысқа мерзімді ноттарының көлемі дисконтталған баға бойынша 3091,3 млрд. теңгені құрады. Қаржы министрлігі мемлекеттік бағалы қағаздарды былтыр алдыңғы жылмен салыстырғанда 58,3 пайызға ұлғайтып 1066,7 млрд. теңгеге орналастырды. Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша 102 аукцион өткізілді. Онда 9 айлық МЕККАМ (кірістілік 2,52 пайыз), 12 айлық МЕККАМ (кірістілік 3,03 пайыз), 2, 3 ,4, 5 жылдық МЕОКАМ (3,23, 4;40, 5,37, 5,58 пайыз), 6-11, 13, 15-16, 20 жылдық МЕУКАМ (5,75; 6; 5,30; 6; 6,35; 5; 6,60, 6,60; 5,50; 6,70 пайыз), 8, 11-19 жылдық МЕУЖКАМ (кірістілік инфляция деңгейінен 0,01 пайыз) орналастырылды.