«Биылғы жылдың қыркүйек айында мәдениет туралы «Мәдениет» телеарнасын, ал алдағы жылы білім туралы «Білім арнасы» телеарнасын іске қосу жоспарланып отыр», - деді Twitter сайтының келушісінің сұрағына жауап берген Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев.
Сонымен қатар, интернет пайдаланушылардың бірінің Қазақстанда спорттық телеарна ашу туралы сауалына БАМ басшысы бұл мәселенің қазіргі күні шешіліп жатқанын хабарлады. «Біз жобаны қарастыруға Қаржы министрлігіне жібердік. Егер ол қолдау тапса, арна «Қазақстан» РТРК базасында ашылады», - деп хабарлады министр.