2012 жылы Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттады - Статистика

АСТАНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - 2012 жылы еліміздің тұрғын үй нарығында бағаның өсуі байқалды, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның атап өтуінше, 2012 жылы жаңа тұрғын үйді сату құны - 12,1, жайлы баспананы жалға беру - 14,4, жайластырылмаған үйлерді қайта сату - 15,9, ал жайластырылған үйлерді сату - 16,8 пайызға қымбаттаған.