Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясының кеңейтілген жиналысында ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов хабарлады.
Премьер-министрдің атап өтуінше, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында қойған маңызды міндеттердің бірі болып табылады және бұл міндет аймақтарды дамыту бағдарламасы аясында шешілетін болады.
«Бұл мақсаттарға ағымдағы пилоттық жылы республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге көлемінде мақсаттық трансферттер қарастырылған», - деді К.Мәсімов.