2012 жылы Қазақстанның барлық облысында 16 ювеналды сот құрылады

ТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - 2012 жылы Қазақстанның барлық облыс орталықтарында 16 ювеналды сот құрылады.

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ҚР Жоғарғы Сотының ресми өкілі Оксана Петерс мәлім етті.

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған соттар, сонымен қатар Семей, Талдықорған қалаларында және Алматы облысының Қарасай ауданында ашылады деп көзделуде. О. Петерстің айтуынша, ол үшін қосымша 40 штаттық судья және 114 кеңсе қызметкері қажет.

Бұған дейін Қазақстан Президентінің Жарлығы бойынша, ілкі жоба ретінде Астана және Алматы қалаларында екі ювеналды сот құрылған болатын.

Ювеналды сот балалар құқықтарын қорғауға және баламен жасалатын қылмыстың алдын алуға мақсатталған.