Оның айтуынша, қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 67-68%-ын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
Агенттік төрағасы берген мәліметтерге қарағанда, 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 5455 млрд. теңгені құраған, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 3,8% артық болып отыр.