2012 жылы өткізілген ауылшаруашылық өніміне баға 22,4 пайызға өсті

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - 2012 жылы ауылшаруашылық құрылымдары өткізген өсімдік шаруашылығы өнімі 34,1%, мал шаруашылығы өнімі - 5,7%-ға қымбаттады. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің мәліметтерінде хабарланған.

Өткен жылы баға бидайға 47%, арпаға - 23,7%, жүгеріге - 10,3%, сұлыға - 4,9%, тарыға - 2%-ға өсті, ал қарақұмыққа 7,8%, қара бидайға - 5%-ға төмендеді.

 Асханалық сәбіз 16,4%, асханалық қызылша - 10,9%, қырыққабат - 6,3%-ға қымбаттады. Картоп 1,4%, басты пияз - 1%-ға арзандады. Баға өсімі қант қызылшасына 13,7%, жүзімге - 10%, жеміс және жидектерге - 8,9% құрады. Баға темекіге 37,5%, мақтаға - 7,1%, күнбағыс тұқымына - 6,8%-ға  төмендеді.

Қой еті 15,4%, жылқы еті - 10,8%, ірі қара мал еті - 9,8%, шошқа еті - 1,7%, құс еті - 5,3%, жүн - 6,8%, бал - 3,3%, шикі сүт - 2,3%-ға қымбаттады, ал  жұмыртқа 4,9%-ға арзандады.

-0-