деп хабарлады Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында орталық жетекшісі Әмір Ахетов.
«2011 жылы орталықта 503 мың қызмет, соның ішінде кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында 311 мың қызмет көрсетілген. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 2 есеге көп», - деді Ә.Ахетов.
Медициналық қызмет ең алдымен кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінің аясында республика азаматтарына көрсетіледі. Сонымен қатар, аймақтарда қызмет көрсету бойынша жұмыстар қолға алынған. Мысалы, 2010 жылы аймақтардан келген науқастар үлесі 6 пайызға, 2011 жылы 18 пайызға артса, шетелден келген науқастар саны 2 есеге көбейген.
Сонымен қатар оның атап өтуінше, ағымдағы жылы орталық әлеуметтік маңызы бар ауруларды анықтау және емдеу үшін 5 жаңа технология енгізуді жоспарлап отыр.