АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Өткен жылы жұмыс істеу үшін Қазақстанға 22 мың шетелдік келді. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов мәлім етті.
Ведомство басшысы, елімізде 2 мыңға жуық кәсіпорын аталған жұмыс күшін пайдаланып жатқандығын атап өтті.
«Былтыр әлемнің 100-ден астам елінен 22 мың шетелдік жұмысшылар тартылды»,-деп нақтылап өтті министр. Мәселен, 2007-2008 жылдары бұл көрсеткіш 60 мыңды құраған екен.
С. Әбденовтің айтуынша, бүгінде шетелдік жұмыс күшін тарту саясаты бірінші кезекте қазақстандық қамту мәселесіне негізделіп отыр.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.