жаңа жұмыс орындарын ашу үшін жүйелі шаралар қолға алынуда, деп хабарлады pm.kz сайты.
«Мемлекет басшысы «Нұр Отан» ХДП XIV съезінде, халыққа арнаған Жолдауында халықты жұмыспен қамту мәселесін ең басты мәселе етіп анықтады. Мен облыс әкімдерінің назарын ең алдымен осы мәселеге аударғым келеді», - деп мәлім етті Үкімет отырысында ел Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов.
Бәріміз білетіндей, 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап, Қазақстанның барлық аймағында Елбасының тапсырмасы бойынша қолға алынған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы басталған. 2011 жылдың қорытындысы бойынша 56 мың қазақстандық аталмыш бағдарламаның қатысушысы болды. Бұл бағдарламаның ерекшелігі - адамдарды жұмыспен қамтып, қайта оқытумен қатар, Кәрім Мәсімов бастаған ел Үкіметі өз ісін ашу үшін азаматтарға шағын несие ұсынады.
2011 жылы 56 мың қазақстандық «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына қатысушы атанды. Тағы бір жаңалық, бұл экономикалық әлеуеті төмен өңірлерден азаматтардың өз еркімен экономикалық белсенді орталықтарға көшуі. Қоныс аударуға шешім қабылдаған қазақстандықтар үшін 10 аймақта 847 жер үй мен 64 көп пәтерлі тұрғын үйлер салынуда.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша Қазақстанның 10 аймағында 847 жер үй мен 64 көп пәтерлі үй салынуда.
Кәрім Мәсімовтің төрағалығындағы Министрлер кабинеті қабылдаған шаралардың арқасында жұмыссыздық деңгейі 2007 жылғы 7,3 пайыз көрсеткішпен салыстырғанда 2011 жылдың желтоқсанында 5,4 пайызды құрады. Болжам бойынша, 2012 жылы Жұмыспен қамту бағдарламасына 100 мыңнан астам қазақстандық қатысады.
Елбасының тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Үкіметі жұмыссыздық деңгейі күрт өсіп кетпеуі үшін жедел шараларды қолға алған болатын. 2009-2010 жылдары республикада Жол картасы деп аталған аймақтық жұмыспен қамту және кадрларды қайта оқыту Стратегиясы жүзеге асырылды.
Бұл бағдарлама қазақстандықтарға жұмысқа орналасып қана қоймай, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылымдағы бірқатар түйіткілді мәселелерді шешуге мүмкіндік берді. Мысалы, 2009 жылы 486 су жеткізу және канализация нысаны, 122 жылу беру нысаны, 45 электр жеткізу және 20 газ жеткізу нысаны жөндеуден өтіп, елді мекендерді абаттандыру бойынша 192 жоба жүзеге асырылды. 2010 жылы бұл жұмыс жалғасын тапты.
Осылайша, аймақтық жұмыспен қамту Стратегиясының іске асуы арқасында 2009 жылы 258,6 мың жұмыс орны, 2010 жылы 133 мың жұмыс орны ашылды.
Елбасы жұмыспен қамту Стратегиясының ойдағыдай жүзеге асырылғанын атап өтті. 2010 жылы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жол картасының тиімді жүзеге асырылғанын мәлім етті.
«Жұмысыздық деңгейі 6,3 пайызды құрады, бұл дағдарысқа дейінгі уақытпен салыстырғанда төмен көрсеткіш. Жұмыспен қамту Стратегиясының арқасында елімізде 400 мыңнан астам жұмыс орны құрылды», - деп мәлім етті Елбасы өзінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты» Қазақстан халқына арнаған жолдауында.
«Уақыт үзеңгісінде» атты деректі фильмде әлемдік сарапшылар мен саясаткерлер жаһандық экономикалық дағдарыс кезінде Кәрім Мәсімов төрағалық еткен Үкімет қазақстандықтарды жаңа жұмыс орындарымен қамту бойынша тиісті шараларды қолға алғанын атап өтеді.