2013-15 жылдарға арналған Темір жол көлігінде қаламаңы (ауданаралық) жолаушылар тасымалын дамыту бағдарламасы мақұлданды

АСТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2012 жылғы 25 қыркүйекте ҚР көлік және коммуникация вице-министрі Қайрат Әбсаттаровтың төрағалығымен темір жол саласының мәселелеріне арналған мәжіліс болып өтті.

Оған облыс әкімдіктерінің, мемлекеттік органдардың, «Қазақстан темір жолы» АҚ» ҰК, «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен «Қала маңындағы тасымалдаулар» АҚ-ның өкілдері қатысты.

ҚР ККМ-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, отырыс барысында қала маңындағы (ауданаралық) темір жол тасымалдауларында кездесетін проблемалар мен оларды шешу жолдары, сондай-ақ, Темір жол көлігінде қала маңындағы (ауданаралық) жолаушылар тасымалын дамыту бағдарламасының жобасы талқыланды.

Бұл бағдарламада келесі міндеттер қойылған:
- өңірлерді қол жетімді көлік қызметтерімен қамтамасыз ету;
- қала маңындағы бағдарлар жүйесін кеңейту;
- жылжымалы құрамды жаңартуға инвестиция тарту.

Әкімдіктер мен мемлекеттік орган өкілдері Бағдарлама жобасын мақұлдады.