2013-2015 жылдарға арналған Қазақстанның ғарыштық бағдарламасына 48 млрд. теңге қажет

АСТАНА. 28 тамыз. ҚазАқпарат - 2013-2015 жылдарға арналған Ғарыштық бағдарламаны толықтай жүзеге асыруға 48 млрд. теңге, оның ішінде 2013 жылы 24,4 млрд. теңге бөлу жоспарланған.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырсында «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заң жобасын ұсынған Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

Оның атап өтуінше, аталған қаржы Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш спутнигі, құрастыру-сынақ кешені, жоғары дәлдікті спутниктік навигация жүйесі, ҚазСат-3 балйаныс және тарату спутнигі және ғарыш аппараттарын басқару сынды жобалар бар.