2013 жылдан бастап «Қазақстанның аграрлық саясаты» шолуы ЭЫДҰ елдеріне де қолжетімді болады
ҚР аграрлық саясаты шолуының басты мақсаттарының бірі - елдің аграрлық саясатын халықаралық деңгейде талдап, мониторинг жасауға негіз салу. «Қазақстанның аграрлық саясаты» шолуы үстіміздегі жылдың күзінде қабылданады деп күтілуде, ал 2013 жылдан бастап Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің барлық мемлекеттік органдары мен іскер адамдары үшін қолжетімді болады.
«Келесі жылдан бастап Қазақстан Еуроодақтағы барлық мемлекеттер және ЭЫДҰ-ға қатысушы АҚШ, Канада, Австралия, Жапония және басқа да елдер үшін ақпараттық жағынан қолжетімді болады», - деді ҚР ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Марат Толыбаев.
Әлемдік ауыл шаруашылығы көшбасшылармен ынтымақтасу, олардан оқып-үйрену және тәжірибе алмасу Қазақстанның агроөнеркәсіптің кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, шетел инвесторларын тартуды ұлғайтуды қамтамасыз етеді.
Шолу әр екі жыл сайын ЭЫДҰ тәсілі бойынша жүргізіліп, ауыл шаруашылығы нарығындағы елдер-негізгі ойыншылардың өнім өндірушілерді қолдау деңгейін анықтайды. Ауыл шаруашылығы саласындағы өндірушілерді қолдаудың есептелген коэффициенттері негізінде, жүргізілген саясаттың елдің аграрлық секторына әсерін бағалау жөніндегі экономикалық-математикалық модель жасалып, ол келешекте аграрлық саясат саласында шешім қабылдау құралы болады. Аграрлық саясат шолуы ЭЫДҰ барлық елдері үшін бірыңғай стандарт бойынша дайындалады.