2013 жылдың наурызында дайын өнiмге сұраныс артты - ҚР Статистика агенттігі

АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары 2013 жылдың наурызында өткен аймен салыстырғанда дайын өнiмге сұраныстың өсуін және өнеркәсіп көлемінің көбеюін атап өттi, бұл олардың іскерлік белсенділігінің өсуін айғақтайды.

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің мәліметтерінде хабарланды.

Іскерлік белсенділіктің өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі өткен аймен салыстырғанда 1 пайыздық тармаққа өсіп, (+8)% құрады.

Жақын арада, яғни 2013 жылғы маусымға дейiн, кәсіпорын басшылары көпшілігінің бағалауы бойынша iскерлiк белсенділіктің артатындығы күтіледі.

2013 жылғы наурызда өткен аймен салыстырғанда тұтынушылық сұраныстың өсуі, сауда кәсіпорындары басшыларының бағалауы бойынша, олардың іскерлік белсенділігінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпкерліктің сенімділік индексі 1 пайыздық тармаққа өсіп, (+19)% құрады.