Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің мөлшері есепті кезеңдегі негізгі азық-түлікті тұтынудың ең төменгі нормаларына қарай есептелген. Шілде айындағы мұның мөлшері оның алдындағы аймен салыстырғанда 0,9 пайызға төмендесе, ал былтырғы 2012 жылдың шілдесіне қарағанда 7,6 пайызға артқан. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстар үлесі 22,1 пайызды, сүт пен май өнімдеріне, жұмыртқаға 14,8 пайызды, жеміс-жидек пен көкөністерге 13,8 пайызды құраған. Ондағы нан өнімдерінің және жарма өнімдерінің үлесі - 7,3%, қант пен шай және демдеуіштер 2% құрап отыр.