Бұл туралы елордалық Статистика департаментінен хабарлады.
Жалпы, негізгі капиталға тартылған инвестицияда тұрғын үй құрылысында игерілген қаржының үлесі 19,8 пайыз болды.
Елорданың ресми сайтының жазуынша, барлық қаржыландыру көздерінің есебінен жалпы ауданы 388 195 шаршы метрді құрайтын 3617 пәтер пайдалануға берілді. Бұл 2012 жылғы қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда 49,6 пайызға төмен. Жеке тұрғын үй салушылар жалпы ауданы 49 567 шаршы метрлік тұрғын үй салды. Жалпы тапсырылған үйлердің ішінде жеке тұрғын үй салушылардың үлесі өткен жылдың алғашқы жеті айындағы 4,1 пайызға қарағанда 12,8 пайызды құрады.
«2013 жылғы қаңтар-шілде айларында елордада тұрғын үй салудың орташа құны іс жүзінде жалпы ауданның 1 шаршы метрі үшін 86,6 мың теңгені (2012 жылғы қаңтар-шілдеде 90,2 мың теңге), ал тұрғын үйдің пайдалы ауданын салудың орташа құны іс жүзінде 1 шаршы метрі үшін 113,0 мың теңгені (2012 жылғы қаңтар-шілдеде 122,2 мың теңге), соның ішінде жеке тұрғын үй құрылысшылары салған үйлерде 53,7 мың теңгені құрады», - делінген ақпаратта.