Өткен айда баға өсімі картопқа 2,9%, жаңа жиналған жемістер және көкөністерге - 1,6%, макарон өнімдеріне - 1,4%, ұн, қышқыл сүт өнімдеріне - 1,1%-дан, шайға - 0,8%, пастерленген сүтке, күнбағыс майға - 0,7%-дан, балық және теңіз өнімдеріне - 0,5%, сары майға - 0,4%, жұмыртқаға - 0,2%-ға өсуі белгіленді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармаға, қантқа 0,5%-дан, сиыр етіне - 0,2%-ға тіркелді.
Бағалар үйге қажетті заттарға, жуғыш және тазалағыш өнімдеріне 0,4%-дан, киім және аяқ киімге - 0,3%, фармацевтикалық өнімдерге, жеке күтімге арналған тауарларға, қатты отынға - 0,2%-дан өсті. Дизельдік отын 1,3%, бензин - 0,4%-ға арзандады.
Баға деңгейі денсаулық сақтау қызметтерге 1,1%, шаштараздар бен жеке қызмет көрсету орындарының қызметтеріне - 0,9%, мектепке дейінгі білім беру қызметтерге - 0,4%-ға өсті, алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлік қызметтеріне - 2,9%-ға төмендеді. Телефон үшін абоненттік төлем 20%-ға жоғарылады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер кәрізге 15,1%, суық суға - 7,2%, электр энергияға - 1,7%, орталықтан жылытуға - 0,6%, ыстық суға - 0,5%, тұрғын үйді күтіп ұстауға - 0,3%-ға өсті.